Шешенстан президенті Рамазан Қадыровтың 10 жасар қызы Табарик Кадырова Құран Кәрімді толық жаттап шықты.
Әлеуметтік желілерде, Шешенстан басшысы: «Бүгін біздің отбасымызда үлкен қуанышты жағдай болып отыр. Табарак қызым Құран Кәрімді толық жаттап «қари» атанды. Табарак бар жоғы 10 жаста. Бірақ ол Құранды шынайы ықыласымен жаттап шықты. Оның ата-бабалары бүкіл өмірін осы Алланың хақ жолында сарп еткен болатын», – дейді.
Оған қоса Рамазан Қадыров: «Қазір Шешенстанның аумағында исламды үйренуге және оны ұстануға барлық жағдай жасалған. Ал, бұрындары Шешенстанда мешіттер жоқ еді. Құран үйреткен кісілер абақтыға қамалатын», – деп, еске алған Рамазан Қадыров бүгінде Шешенстан Республикасында жүздеген мешіттер, 5 қарилар орталығы және 1 ислам университеті бар екендігін жеткізді.
Айта кететін жағдай, осыдан алдын Рамазан Кадыровтың 6 баласы қари атанған болатын. Олар: Айшат, Хутмат және Хадижат қыздары. Ұлдары Али, Ахмад және Адам.
muftyat.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
22.08.2014
5114
1 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (1)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру
Саулен Айторе | 26.11.2017 01:27
ƏЛХАМДУЛИЛЛƏҺ! АЛЛА Тағала Отбасының берекесін Бергей! Жəннəт Тұрғындарынан болуын нəсіп Еткей! Керемет! Əмин!