Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Халал емес ас мәзірі үшін кешірім сұрады

22.08.2014 4579 0 пікір

Канаданың Галифакс қаласының депутаты өткен демалыс күні түрлі діни бірлестіктер өкілдерінің басын қосқан кеште жайылған дастарханда халал емес ас мәзірін дайындағаны үшін жергілікті мұсылман қауымынан кешірім сұрады.

Галифакс заңнамалық жиыны мүшесі, депутат Патрисия Араб хала ұғымы жайлы толық сауатты болмағандықтан, кез келген ет тағамына дұға оқыса ол халалға айналады деп түсінген деп жазады CTV News.

«Бұл мен үшін өте маңызды. Ол кісі бұл нәрселерді қасақана істемеді деп ойлаймын. Алайда, бұл сондай түсінік қалыптастырады» дейді қонақтар қатарында шақырылған имам Ибрахим Аш-Шанти.

Аталмыш уақиға орын алысымен депутат-әйел мұсылман қауымынан кешірім сұрап, өз ісінің ақымақтық болғанын мойындады.

ummet.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру