Германияда The Imam App мобильді қосымшасы пайда болды. Алайда, бұл өнертабыс құбылаға бет бұрған әлемнің барша мұсылмандарына қолжетімді болуы үшін мол қаражат қажет етеді.
«Алғаш намазға жығылғанда араб тілінде сүре, дұға жаттау аздап қиындық туғызды. Бұл қосымшаны осындай қиыншылықтарды жеңілдету мақсатында жасадым» дейді The Imam App-ті ойлап тапқан неміс кәсіпкері С.Маттиас Менде.
Айта кету керек, Менде 2008 жылы Хақ дінді қабылдаған кезде мұсылман жұртшылығына пайдасы мол құрылғы ойлап тапқан еді. Ол құрылғы намаз уақыттарын дәл көрсетіп, құбыла бағытын анықтауға көп көмегін тигізіп, неміс жұртшылығын бір қуантып тастаған болатын.
ummet.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
21.08.2014
4177
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру