Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ұлыбританияда Пайғамбарымыздың (с.а.у.) есімі көш бастап тұр

19.08.2014 4076 0 пікір

Ұлыбританияда жылдағыдай биыл да 2013 жылдың танымал есімдер рейтингісі жарияланды. Бұл жолғы көрсеткіш бойынша «Мұхаммед» есімі «Оливер» есімін артқа тастап, ең танымал есімдердің қатарынан орын алды. Аталмыш рейтингте «Мұхаммед» есімінің жазылуы әртүрлі болғандықтан, «Оливер» есімі 6949 рет қойылғандықтан бірінші орында тұр. Дегенмен, мамандар Пайғамбарымыздың есімінің әртүрлі жазылуын есепке алып, бұл рейтингті жаңартты. Мәселен, біреулер «Muhammad» деп жазса, енді біреулері «Mohammed», тағы басқалары «Mohammad» деп жазған. Егер осылардың барлығын бір есім деп алып есептегенде «Мұхаммед» есімі тізімнің басына шығып, бірінші орынға ие болады екен. Себебі, 2013 жылы туған балалардың 3499-ы «Muhammad» деген есімді алса, 2887-сі «Mohammed», ал 1059-ы «Mohammad» есімдерін қойған. Бұлардың бәрін бір есім деп алып, жалпы санын шығарсақ, 7445 болады екен. 

Естеріңізге сала кетейік: 2008 жылы да Англияда «Мұхаммед» есімі 3 орынды иеленіп, 2009 жылы жаңа туылған нәрестелерге қойылған ең танымал есім болған еді.

Сонымен қатар, естеріңізде болса Әділет министрлігі Қазақстандағы танымал фамилиялардың да тізімін шығарған еді. Онда да көш бастап тұрған есім Пайғамбарымыздың (с.а.у.) есімі болды. Яғни, бірінші орынды «Ахмет(ов)» иеленсе, екінші және үшінші орындар Пайғамбарымыздың халифалары – Оспан(ов), мен Омар(ов) есімдеріне бұйырыпты.

muftyat.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру