Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Брюсселдегі гүлді кілем

18.08.2014 4097 0 пікір

Бельгия жеріне жұмысшы түрік эмигранттарының табаны тигеніне 50 жыл толуына орай мерекелік іс-шара болып өтті. Брюссель қаласындағы Ескі базар алаңында (Ратушный) аталып өтілген бұл атаулы дата бельгиялықтардың есінде түрік жұмысшыларының қиялынан туындаған таңғажайып гүлді кілеммен қалатын болды.

Ұзындығы 75 метр, ені 25 метр болатын бұл алып кілемді өмірге әкелу үшін 100-ден астам жұмысшы атсалысқан. Брюссель қаласының мэрі Ивэн Майор 15-шілде күні гүлді кілемнің ашылу салтанатында бұл шараның екі ел достығын нығайта түсіп, мәдениетаралық көпір болатынын тілге тиек еткен болатын.

Айта кетейік, Ратушный алаңын гүлмен безендіру үрдісі сонау 1986 жылдан бері жалғасып келеді. Дегенмен, осы кезге дейін бұл алаңға жайылған гүлді кілемдердің көлемі 24х77 болып келетін еді. Ал, кілемдердің өмір сүру ұзақтығы 2-3 күнге созылады. Түрік кілемінің бұл алаңға шығарылуы биыл тұңғыш рет орын алып отыр.

muslim.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру