Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Темекіге тыйым салынды

11.08.2014 4208 0 пікір

Сауд Арабиясында корольдік жастарының салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында барлық спорттық стадиондарда темекі тартуға тыйым салды.

«Темекіге тыйым жаңа спорттық кезеңнен бастап өз күшіне енеді» деп мәлімдеді Абдалла бен Масед ханзада. «Бұл бастама көрермендерді темекі түтіні зиянынан сақтау мақсатында қолға алынып отыр. Сондай-ақ біз елдегі спорттық жарыстар үшін салауатты өмір салтын жолға қойғымыз келеді. Жуық арада заңды бұзушыларға арнайы жаза тағайындаймыз» деді араб ханзадасы.

Өткен жылы жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша темекі шегушілер түтіннің 15 %-ын ғана жұтып, ал 85 %-ы өзгелердің денсаулықтарына зиянын тигізеді екен.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру