Құранның екі нұсқасын өртеген азаматты Американың Мичиган штатының соты 400 доллар көлемінде айыппұл төлеуге мәжбүрледі. USA Today-дің хабарлауынша, Дирборн қаласының округтік сотының судьясы Сэм Сэлеми вандализмге қатысы бар деп танылған Әли Хасан Әл-Асади Кербел ислам орталығының маңайында Құранды өртеп, оның парақтарын желге ұшырғаны үшін әр Құранға 200 доллардан төлейтіндігін нақтылады. Айта кетейік, қылмысты азамат бұрын шиит болған Ирактың тумасы екен. Қазір христиандықты қабылдап, шіркеу баратын азаматтың айтуынша соңғы жылдары ол психологиялық ауруға шалдыққан. Соңғы бір жылдың ішінде ондаған Құранды өртегенін ол өзі мойындаған. Соңғы Құранды өртеу себебін ол Ислам орталығына келген бір кісімен арада болған кикілжіңімен байланыстырады.
E-islam.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
08.08.2014
4474
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру