Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Сауд Арабиясы қажылық құнын жариялады

07.08.2014 4632 0 пікір

Сауда Арабиясы Қажылық министрлігі 2014 қажылық маусымының бағасын жариялады. Arabian Business басылымының хабарлауынша осы бағытта жұмыс істеу құқығына ие 62 қажылық компаниясы қажылыққа келушілерге ең төменгі бағада қызмет көрсету жайлы тапсырма алды. 

Құзыретті орынның шешімімен осы жылғы қажылық бағасы қызмет көрсету және өзге де өлшемдерге байланысты 2500-5000 сауд риалымен белгіленді.

Қажылық министрлігінің өкілі үкімет қажылық компанияларына көрсетілген бағаларды көтермеу жайлы әрі қызмет сапасын жоғары орындау туралы тапсырма бергендігін мәлімдеді. 

Естеріңізде болса, өткен жылы Сауд билігі қажылық компанияларының қызмет көрсету бағаларының нарықтағы құнының қолжетімді болуы үшін компаниялардың ішкі баға саясатына белсенді түрде араласқан болатын.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру