Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ресей Президенті Владимир Путин дін қайраткерлерін марапаттады

02.08.2014 4111 0 пікір

Ресей елінің басшысы Владимир Путин Кремльде өткен салтанатты шара барысында әртүрлі сала қайраткерлеріне мемлекеттік наградалар табыс етті. Аталмыш марапаттаудан орыс елінің діни қайраткерлері де қалыс қалмады.

Атап айтсақ, «Ихлас» қайырымдылық қорының төрағасы, ЯНАО мұсылмандардың діни аймақтық басқармасының басшысы Анур Загидуллин «Достық» орденімен марапатталса, «Детский хоспис» атты петербургтік мемлекеттік ұйымның директоры Александар Ткаченкоға «Қайырымдылығы үшін» төсбелгісі бұйырды. Сондай-ақ, Ресей елінің бас раввины Берлу Лазаруге «Отан алдындағы қызметі үшін» IV дәрежелі ордені тапсырылды.

Кремльдің Екатерина атындағы залында мемлекет басшысы 50-ден астам мемлекет және қоғам қайраткерлеріне нагрдалар табыстады. Мемлекеттік марапат Ресей Парламентінің қос палатасының депутаттары, ұшқыштар, ірі бизнес өкілдері, Украина жеріндегі оқиғаларды баспасөз бетіне жариялауда белсенділік танытқан журналисттер, өнер және мәдениет қайраткерлеріне берілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру