Франциядағы орта мектепте оқитын мұсылман қызы жоғары сыныптар арасында ел бойынша үздік деп танылды. Бұл жаңалық еуропа кеңістігінде ислам дініне жағылған күйе мен мұсылмандар жайлы теріс пікірлерді сейілтуге өз ықпалын тигізді.
«Мен өз сабақ үлгеріміме қуанамын. Пәндердің барлығын қызығушылықпен оқимын және осы бағытта еңбек етуден, оқудан жалықпаймын» дейді TheNational басылымына берген сұхбатында Мириам Бурхайл. Пикардидағы Виллер Котре қаласында тұратын француз оқушысының шығу тегі – мароккалық. Озат оқушының зеректігін Француз парламенті ерекше атап өткен.
18 жасар Мириам «ағылшын, испан тілдері, физика, математика, әртүрлі ғылым салалары» және басқа да пәндер бойынша үздік деп танылып, орташа бағасы мүмкін болған 20 балдың 22, 03-ына қол жеткізген.
«Мен өзге қатарластарымнан қатты асып оқимын дей алмаймын. Мен жай ғана оқитын пәніме деген ықыласымды суытқан емеспін. Әрқашан жалықпай, ерінбей оқуға тырысамын» дейді ол.
Ал, ата-анасы Мұхаммед пен Надия қыздарының оқуына әрдайым қолдау білдіреді. Мириам хирург мамандығын қалайтындықтан, ағасы секілді қыркүйек айында медициналық институтта тапсырмақшы. Әкесі қызының уақыты келгенде өз қаласының мэрі болып, исламға оң ықпалын тигізсе деген арманы бар екенін де жасырмайды.
Ummet.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
22.07.2014
3752
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру