Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Фин әскері ораза ұстауда

20.07.2014 4237 0 пікір

Фин әскерінде борышын өтеп жүрген мұсылмандар өз діни ғұрыптарын өтеуге құқықтары бар. Сантахамина әскери бөлімінде қызмет етіп жүрген сомалилік Далха қасиетті рамазан оразасын ұстайды деп хабарлайды «YLE» Фин телерадиокомпаниясы жаңалықтар қызметі.

«Рамазан – күллі мұсылмандардың мүбәрак айы. Сол себепті оразаны қаза жібере алмаймыз. Бұл Жаратушының әмірі және менің ерікті қалауым» дейді Далха бұл жайында. Ал бас имам Далхаға әскери қызмет кезінде шектен тыс күш түскен жағдайда оразаны тоқтата тұруға болатынын ескерткен еді, алайда солдат тәулігіне 20 сағат нәр тартпастан шыдап келеді.

Фин әскерінде түрлі дін өкілдері қызмет етеді. «Бізде әскердің 5 пайызы ислам дінін ұстанушылар. Егер кім ораза ұстаса немесе намаз оқыса біз тек қуаныштымыз» дейді Юхо Рауло есімді подполковник. 

ummet.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру