Қасиетті Мекке шаһарындағы Харам мешітінің тазалық қызметі ауызашар уақытынан соң құлшылық ордасының аумағы қоқысқа толып кететінін айтып, бірқатар тәртіп шараларын қабылдады.
«Харам мешітіне келушілер мен қажылық парызын өтеушілер өздерімен бірге тамақ ала кірмеуі тиіс. Өйткені, жергілікті басшылық күнделікті миллиондаған жанға ауызашар дорбасын дайындап қояды», – дейді мешіт қызметкері Абдулла әл-Тамих. Ол сондай-ақ, тазалықшылардың жұмысының тым қиындап кеткенін алға тартып, тағам қалдықтары мен босаған сусын шөлмектерінің құлшылық жасауға кедергі келтіретінін жеткізді.
Сондай-ақ, Абдулла әл-Тамих мешітке келушілерге жеке заттарын электронды құлыппен жабылатын зат сақтау қоймаларын қалдыруларына кеңес берді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
17.07.2014
4078
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру