Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Канадада Рамазан қайырымдылығы өтуде

17.07.2014 4049 0 пікір

Канадада қасиетті айда қайырымдылық шаралары көптеп ұйымдастырылуда. Жергілікті мұсылмандар әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік таратып, ауызашар дастарханына шақыруда.

«Садақа берілген әрбір ақша мен күнін бізбен өткізген еріктілердің болуы мен үшін мақсатымыздың орындалғанын білдіреді», - дейді, «Рамазан» қайырымдылық жобасының менеджері Асма Нұр Мутин.

«Рамазан» жобасы аясында мұсылмандар 4 адамнан тұратын отбасыларға бір айлық азық-түліктер таратуда. Азық-түліктер ұлты мен діни сеніміне қарамастан кез-келген отбасыға беріледі.

Жыл сайын ұйымдастырылатын бұл қайырымдылықтың жобасы басталғалы Үлкен Торонтадағы 3300 отбасыға азық-түлік таратқан. Осыған ұқсас жобалар Оттава мен Монреалда да іске асырылуда.

Ал, Канадада бұған қоса таңғы кофеге жұмсалар асқа кетер ақшаны қайырымдылыққа жұмсау мақсатында «Бер 30» акциясы ұйымдастырылғаны жөнінде ораза қарсаңында хабарлаған болатынбыз.

Торонто орталық мешітінде мұсылмандар әр бейсенбінің кешінде қорапқа салынған азық-түліктерді үйсіз-күйсіз жүрген жандарға таратады. 

ummet.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру