Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Татарстанда зағип жандарға Құран орталығы ашылды

14.07.2014 3807 0 пікір

10 шілде күні Татарстандағы Альметов ауданында көзі көрмейтін және көзі нашар көретін жандарға Құран үйрететін орталықтың салтанатты ашылуы өтті.

Татарстан мұсылмандары діни басқармасының бұйрығымен ашылған зағиптарға арналған Құран үйрететін орталық «Рамазан – жақсы амалдардың айы» атты акцияның жалғасы болды.

Бұл шара Татар Республикасының найб мүфтиі хазрет Рустам Батровтың құттықтауымен басталды. Ол сонымен қатар жаңа орталыққа Құран Кәрім, ислами тақырыптағы кітаптар және Брайлл әріптерімен жазылған зағип жандарға құнды сыйлықтарды тарту етті.

Альметов ауданының көзі көрмейтін жандар осы іс-шараны ұйымдастырған Татарстан мұсылмандары діни басқармасына шын жүректен алғыстарын білдірді.

Альметов ауданы Орталық мешітте көзі көрмейтін және көзі нашар көретін жандарға арнайы сабақ оқитын бөлме берілді.

«Аптасына бір рет қаладағы жолаушы тасымалдау мекемесінің қолдауымен қайырымдылық шарасы ретінде өмір тауқыметін тартқан зағиптарды сабаққа алып келіп, дәрістері аяқталған соң үйлеріне қайта жеткізіп салады», – дейді, Альметов ауданының имамы Фагим Ахметзянов.

Ақпарат islam.ru сайтынан
аударылды 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру