Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АҚШ дәмханасы мен дүкендері Рамазанның құрметіне қызмет етуде

11.07.2014 4230 0 пікір

Мичиган штатының Дирборн қаласының мұсылман тұрғындары ауызашар уақыты кіргенде кешкілік кез келген дәмханаларға кіріп, ауыз ашуларына болады.

Әсіресе, «Shatila» атаулы дүкен-дәмхана желілері Рамазан күндерінде жұмыс істеу уақытын бір сағатқа ұзартты. Бұл бастама ауызы берік жандардың құрметіне жасалып отырғанын айта кетуіміз керек.

Мәселен, «Biggby» дәмханасы осымен екінші жыл қатарынан әдеттегі уақытынан бір сағатқа кеш жабылады. Дәмхана басшысы Махера Дабаджи жергілікті тұрғындарға қасиетті Рамазан айымен құттықтап, тілектер жазылған флаерлар таратылғанын, сондай-ақ, онда оразаның отыз күнінде дәмханалар мұсылмандардың құрметіне кеш батқанға дейін қызмет ететіні жазылғанын мәлімдеді.

Ал, Дирборн сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Джеки Лавджоның айтуынша, қала кәсіпкерлері Рамазан айында өз өнімдерін тұтынушылар санының артатынын біледі.   

ummet.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру