Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Рамазанда жүргізушілерге тегін кешкі ас беріледі

09.07.2014 3675 0 пікір

Дубай жолдарында Рамазан айында ауызы берік жүргізушілер мен жолаушыларға тегін кешкі ас беріледі.

Біріккен Араб Әмірлігіндегі биылғы ораза ұзақтығы 15 сағатқа созылады.

Ал, әмірліктің көлік трассаларында ұйымдастырылып отырған аталмыш акция жол көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылуда.

«Біз кешкілік ақшам намазы уақытында ауызашар астарын таратамыз. Бұл орайда көлік жылдамдығын арттыру мен жол көлік оқиғаларының алдын алуға септігімізді тигіземіз деп ойлаймыз» деп мәлімдеді Дубай жол және көлік басқармасының өкілі Жүсіп әл-Рида (Yousef Al Rida).

Акцияны ұйымдастырушылардың айтуларынша бұл бастама жүргізушілердің кешкі асқа асығып, жылдамдықты арттыруының алдын алуға және уақытында ауыз ашуларына көмектеседі.

Бұған қоса, екі мыңға жуық ауызашар жиынтығы Дубай қаласы бойынша барлық автобус аялдамаларында таратылады. 

ummet.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру