Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Малайзия сапары: Ынтымақтастық келісімге қол жеткізілді

08.07.2014 4338 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен ҚМДБ мен бірқатар мұсылман елдері (Мысыр, Түркия, т.б.) арасында діни оқу-ағарту саласы бойынша келісссөздер мен меморандумдар қабылданды. Жуырда осы бағытта тағы бір үлкен жетістіктерге қол жеткізілді.

ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы, ҚМДБ оқу ағарту бөлімінің меңгерушісі Б.Бейсенбаев, «Нұр Мүбарак» Ислам Мәдениеті университетінің проректоры Ш.Керім, аталған оқу орынның проректорының көмекшісі Р.Әкімжанов Малайзия еліне іссапармен барды.

Малазия сапары барысында делегация әлемдік деңгейдегі оқу орындарының жұмыстарымен танысып, Теренгану штатындағы Сұлтан Занил Абидин атындағы университетпен (UNiSZA – university sultan  zanil abidin) ынтымақтастық қарым-қатынас орнату үшін келіссөздер жүргізді.

Аталған университет Малайзия еліндегі жоғарғы діни білім беретін 20 білім ордаларының бірі. Оқу базасы өте жақсы жабдықталған, шет елдік студенттердің білім алуы үшін барлық жағдай жасалған. Оқу орнында 7738 студент білім алуда. 5000 адам жатаханамен қамтамасыз етілген.  Әлемнің 29 елімен халықаралық байланыс орнатқан. Университетте 9 факультет жұмыс жасайды.

Кездесу барысында бірнеше келісім-шартқа қол жеткізілді. Тарқатып айтар болсақ:

- «Нұр - Мүбарак» Ислам Мәдениеті университетінің магистранттары және докторанттарын Теренгану штатындағы Сұлтан Занил Абидин атындағы университетіне ағылшын тілін игеру мақсатында қысқа мерзімді 20 күндік курстарға жіберіледі; 

- «Нұр-Мүбарак» Ислам Мәдениеті университетінің магистранттары және докторанттарына 2-ші ғылыми жетекші ретінде Сұлтан Занил Абидин атындағы университеті профессорлық құрамы ішінен таңдалып алынуға келісілді;

- Алдағы уақытта Алматы қаласына Сұлтан Занил Абидин атындағы университетінің басшылық құрамының сапарын ұйымдастыру келісілді; Болашақта Алматы қаласында Сұлтан Занил Абидин атындағы университеттің дайындық орталығын ашу туралы мәселе қозғалды.

Сонымен қатар, Қазақстандық делегация іссапар барысында Куала Лумпур қаласындағы ірі оқу орындарының бірі «Малайзия халықаралық ислам университетінің» (International Islamic university Malaysia) басшыларымен кездесулер өткізіп, білім ордасының базасымен танысты. Аталған оқу орны ректоры Ұлыбритания елінде болғандықтан проректор Хаселина бинти Мохамад Арсад және халықаралық бөлім директоры профессор, доктор Абделазиз Бергоумен кездесу өткізді. Кездесуде бірнеше келісімдерге қол жеткізілді. Олар:

- Оқу орны ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлын ағымдағы жылы Малайзия еліне іссапары жоспарланды;

- «Нұр-Мүбарак» Ислам Мәдениеті университетінің магистранттары және докторанттарын алдағы уақытта тәжірибе алмасу жұмыстарын өткізеді;

- «Малайзия халықаралық ислам университетінің» оқу жұмыстарын ұйымдастыру барысындағы озық тәжірибелермен тұрақты түрде алмасып отырады.

Қазақстандық делегация іссапар барысында Малайзияның ислам істерімен айналысатын Департаменті (Department of  Islamic development Malaysia) басшылық құрамымен кездесу өткізді. Аталған мекеме төрағасының орынбасары Хаджи Мұхаммад Нордин Ибрахим және оқу ағарту салаларына қатысты екі жетекші маманмен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында келесі келісімдерге қол жеткізілді.

- Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен Малайзияның ислам істерімен айналысатын Департаменті арасында тығыз қарым қатынастар орнату;

- Ағымдағы жылы қазан айында Қазақстанға 1 апталық семинар жүргізу үшін Малайзияның ислам істерімен айналысатын Департаментінің 4 қызметкерін (халал бағыты бойынша жұмыстарды ұйымдастыру маманы, қажылық жұмыстарды орталықтандырылған түрде жүргізу маманы, зекет жинау жұмыстарын үйлестіру маманы, пәтуа шығару бойынша жұмыстарды ұйымдастырушы маманы) алдыруға келісімге қол жеткізілді;

- Оқу ағарту жұмыстары бойынша ынтымақтастықты жалғастыру туралы шешім қабылданды.

Сапар соңында Қазақстандық делегация Малайзия Ислам істері Департаментінің (Department of  Islamic development Malaysia) басшыларымен кездесіп, оқу-ағарту саласына қатысты бірқатар мәселелерді талқылады. Аталған мекеме төрағасының орынбасары Хаджи Мұхаммад Нордин Ибрахим және оқу ағарту салаларына қатысты екі жетекші маманымен кездесу ұйымдастырылды. 

Сондай-ақ, Қазақстандық делегация Малайзия елінде білім алып жатқан студенттер туралы жалпы жағдайды білу үшін Теренгану аумағы және Куала Лумпр қаласында Қазақстандық 8 студентпен кездесу өткізіп жалпы студенттер ортасы туралы мәліметтер алды. 


www.muftyat.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру