Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

150 үндістандық ауыз бекітті

08.07.2014 3674 0 пікір

Үндістандағы аса ірі Тихар түрмесінде жазасын өтеп жатқан 2300 мұсылман жамағатымен бірге 150 үндістандық ауыз бекіткен. Аталмыш түрменің баспасөз хатшысы Сунил Гупта тұтқындардың қасиетті Рамазан айының алғашқы күнінен бастап, ораза ұстағанын және соңына дейін ораза ұстауға ниеттеніп отырғандарын тілге тиек етті. Сондай-ақ, ауыз бекіткендерге түрме әкімшілігі тарапынан барынша жағдай жасалатынын жеткізді. Яғни, ауыз бекіткендер үшін сәресі мен ауызашар ұйымдастырылатынын, жеміс-жидекпен, құнарлы азық түрлерімен қамтамасыз етілетінін жария етті. Сонымен бірге, тұтқындардың тарауық намазын оқып жүргенін де жасырмады. Ораза ұстап жүргендердің арасында 70 әйелдің барын да жайып салды.

islam.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру