Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Болгар президенті ауызашарға қатысты

06.07.2014 3973 0 пікір

Болгария мемлекетінің президенті Росен Плевниев алғаш рет мұсылман жамағатымен бірге ауызашар дастарханына қатысты.

«Біздің ата-бабаларымыз діні мен діліне, тегі мен түріне қарамастан, осы бір ортақ Отанымызда тату-тәтті ғұмыр кешкен. Осы бірлігімізді бекем ұстанумыз қажет», – деді ауызашарда сөз сөйлеген болгар елінің бас мүфтиі Алис Хаджи.

Президент Плевниев өз сөзінде мұсылман жамағатына жақында болған су апатынан зардап шеккендерге көрсеткен көмектері үшін үлкен алғыс білдіретінін жеткізді. Сондай-ақ, ол мұсылман жамағатының апат кезінде православтық шіркеулерге де көрсеткен көмегін атап өтті.

Өз кезегінде елдің бас мүфтиі президентке София қаласындағы жалғыз мешіттің тарлық қылатынын айтып, алдағы уақытта ел астанасында бірнеше мешіт тұрғызуға өтініш білдірді.

Ресми деректер бойынша, елдегі 1,8 млн халықтың 12 пайызын мұсылман жамағаты құрайтын көрінеді. Дегенмен, Болгарияның «Пәтуа үйі» жоғарғы әкімшілік ұйымының мәлімдеуінше, мұсылмандардың үлес салмағы 25 пайыз.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру