Биылғы Рамазан айында Торонтолық мұсылмандар жергілікті Көлік корпорациясымен бірлесіп ислам жайында жағымды пікір қалыптастыратын акцияны қолға алды.
Олар Канадалық ірі қалалардың метро станса платформаларында қасиетті Құран кәрім және сүннеттен өнегелі кеңестер жазылған постерлер (арнайы үлкен плакаттар) орналастырды. «Біз Ислам діні тек мешіттің ішіндегі дін ғана емес, ол дегеніміз – өнегелі өмрір сүру үлгісі екенін көрсеткіміз келеді» дейді аталмыш акцияны өткізуге ұйытқы болып жүрген Дайна Камал есімді белсенді мұсылман.
Осындай постерлердің бірінде ардақты пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с.) «Өзеннің жағасында тұрсаңдар да суды ысырап етпеңіздер» деген хадисі ілінген. Өзге постерлердегі хадистердің мән-мазмұны қаржы, қарым-қатынас, қоғам және денсаулық тақырыптарына арналған.
ummet.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
05.07.2014
4375
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру