Саудиялық қайырымдылық ұйымы қазіргі кезде ұмыт бола бастаған байырғы дәстүрді қайта жаңғыртуды қолға алды. Тек Рамазан айында орындалатын бұл дәстүр бойынша жергілікті тұрғындар белбеулеріне байланған құмыраларынан қасиетті шаһарға келген қажылар мен қонақтарға су немесе сусын ұсынады. Су құйып алып жүретін құмыралары – сакка, ал бұл игі дәстүр сикайя деп аталады.
«Біз қонақтарға зәм-зәм суын, шырынсу немесе кофе ұсынамыз», – дейді жоба үйлестірушісі Абдулла әл-Маргани. Оның айтуынша, қазіргі таңда бұл жұмысқа жүздеген еріктілер қатысуға өтініш білдірген. Қала қонақтары оларды жасыл түсті матадан тігілген арнайы формаларынан айыратын болады.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
05.07.2014
3975
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру