Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өзге діндегілер де ауыз бекітуде

02.07.2014 3906 0 пікір

Сауд Арабиясына  сапарлатып келген өзге дін өкілдері қасиетті Рамазан айында Ислам дінін жақынырақ тану мақсатында ауыз бекітіп, ораза ұстап көруде.

«Мен өмірімде алғаш рет ауыз бекіттім. Шынымды айтсам,  өте қиынға соқты, дегенмен тырысып бақтым, – дейді өзінің әріптестерімен брге ауыз бекіткен Шарлиз Серро. – Расымен қиын болды. Бірақ мен мұсылман еместігіме қарамастан, үнемі рухани тазару жолына түссем деген ниетте болатынмын».

Серро – Сауд Арабиясына жұмыс іздеп келген өзге діндегі шетел азаматы. Серромен бірге діні басқа болса да, өз әріптестерімен бірге филипииндік Нил Граджо да ниет етіп, биылғы жылы ораза ұстады.

Айта кетерлік бір жайт, Сауд Арабиясындағы халықтың 30 пайызға жуығы Үнді, Пәкістан, Филипиин және басқа елдерден келген шетелдіктер құралады. Жыл сайын ислам дінімен жақын танысқан жүздеген өзге діни сенім-нанымдағылар мұсылмандықты қабылдап, Алла жолына бет бұрады.

muslim.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру