Биыл Пәкістандық мұсылмандар өте жоғары температурада, 50 градуста 16 сағат ауыз бекітеді. Қасиетті Рамазан айында елдің барлық дерлік аймақтарында ауа температурасы 50 градуста болады дейді мамандар.
OnIslam.net-ке берген сұхбатында Карачилік саудагер Гүлзар Хуссейн «Осы жылы ауа райы әдеттегіден жоғары болып тұр. Келесі айда бұдан да ыстық болады» дейді.
67 жастағы Гүлзар Хуссейн өз өмірінде дәл осындай аптап ыстық жазды көрмепті, алайда, осы жасына қарамастан ол оразада ауыз бекітіп отыр.
«Иә, мен мұндай аптапта адамды шөл қысатынын түсінемін. Дегенмен, бұл біздің Алланың нығметтерін тереңірек түсінуімізге себеп болады» дейді ол.
Метеорологиялық басқарма деректеріне сүйенсек, биылғы жазда Пәкістанның көптеген аудандарында ауа райы 50 градусты көрсетеді екен.
ummet.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
30.06.2014
3947
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру