Барселонада Коррида алаңына тыйым салынғаннан кейін өгіздерді төбелестеріуге арналған үлкен алаң қаңырап бос қалған болатын. Көп ұзамай сол үлкен алаң зәулім мешітке айналғалы тұр. Испанияның көп тиражды «29 минут» атты газетінің хабарлауына қарағанда, «Барселона алаңы» деп аталатын өгіз төбелестіретін алаң жабылғаннан кейін, бұл ғимаратты ары қарай қандай мақсатта қолдансақ екен деп Барселона басшылығы бас қатырған көрінеді. Сыртқы жағынан қарасаң арабша стильде салынып, мешітке көбірек ұқсайтын болғандықтан, Катар мемлекеті бұл ғимаратты мешітке айналдыруды ұсыныпты. Сондай-ақ оның құрылысына 3 млрд. доллар бөлентінін жеткізді.
Бұл ұсынысты Барселона қалалық кеңесі қабылдады. Егер де аталған ғимараттың жобасы нақты мақұлданса, онда бұл болашақ мешіттің мұнарасы Мекке мен Мәдина мешіттерінің мұнараларынан кейінгі орынды иеленетін болады. «Барселона алаңы» қаланың символына айналып үлгергені қашан. Болашақта ол «Барслеона мешіті» деген атауды иеленетін болады.
islam.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
27.06.2014
3781
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру