Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Оразадан соң катарлықтар BMW автокөлігіне ие болады

23.06.2014 4433 0 пікір

БАҚ-та хабарланғандай, BMW автомобиль маркасының ресми дилері Катардағы клиенттерінің ислами қаржы шешіміне оңтайлы Ислам банкімен әріптестік меморандумына қол қойды.

Қол қою рәсімі 16 маусыда Дохадағы Alfardan Automobiles салонында өтті.

BMW Group компаниясының атқарушы директоры айтулы уақиға жайлы айтып өтіп, Катарлық ірі Alfardan Group банкімен жасалып жатқан бұл бастама ел азаматтарына аты аңызға айналған авто және мотоцикл маркаларын сатып алудағы ислами қаржы жоспарларын ұсынады деді.

Қасиетті Рамазан айының келуіне байланысты Alfardan Automobiles және BMW Group мұсылман қауымына арнайы жағдайлар жасап отырғаны жағымды жаңалық екенін айта кетуіміз керек.

ummet.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру