Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шейх Заед мешіті – әлемдегі екінші әдемі ғимарат

20.06.2014 5225 0 пікір

Абу-Дабидегі шейх Заед мешіті әлемдегі ең ірі 25 көрікті ғимараттар тізімінде екінші орынға ие болды. Әлемдік саяхат мен туризм саласынан сыр шертетін ТripAdvisor сайтында жүргізілген сауалнамаға сәйкес аталмыш құлшылық ордасын саяхатшылар атақты Тәж-Маһалдан бір кем түспейді деп бағалаған.

Шейх Заед мешіті Перу мемлекетіндегі Мачу-Пикчу ғимаратынан кейінгі екінші орынды иеленіп, Испаниядағы Кордава мешітін, Ватикандағы Әулие Петр соборын, Камбоджадағы Байон храмдарын қонақжайлылығы мен әсемдігі жөнінен артқа қалдырды.

Аталмыш сайттың Абу-Дабидегі көрікті мекендер жайлы түзген топтамасында шейх Заед мешіті бірінші орында тұр.

muslim.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру