Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Рамазан айында мұсылмандарға акция жүргізіледі

18.06.2014 3978 0 пікір

Канадалық мұсылмандар биылғы Рамазан айында қайырымдылық кампаниясын құрып, акциялар жүргізбекші.

«30 бер» кампаниясы әу баста біз ойлағаннан да жылдам жұмыс істеуде. Бұл жылы да бұл кампанияның жұмыс ауқымы кеңейіп келеді. Бүгінде біздің әріптестеріміздің қатарында Канаданың 5 провинциясындағы 9 ірі банк бар»,- дейді қайырымдылық кампаниясының негізін қалаушы Зияд Мия баспасөз беттеріне берген сұхбатында.

Торонтолық адвокат Зияд Мия 2012 жылы оразаға дейін таңғы аста ішіп тастайтын бір кесе кофесіне қарап, алдағы оразада 30 күн бұны ішпейтінін ойлап, осы кофеге кетуі бек мүмкін ақшаны жиып, қайырымдылық акциясын ұйымдастыруды ойға алып, артынша белсенді қатысушылардың көмегімен іске асырады.

Іскер адамдардың әр таңғы кофелеріне жұмсалатын тиыннан 2 жыл ішінде Рамазан кезінде мұқтаж жандарға ондаған мың доллар қаражат жиналған екен. «Бұл киерге киім, ішерге асы жоқ мұқтаж жандарға үлкен көмек» дейді Зияд Мия. 

ummet.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру