Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Австралиялық мұсылман қыз сайлауға түседі

17.06.2014 4041 0 пікір

Австралияда алдағы қыркүйек айында өтетін жалпыхалықтық сайлауға Анджум Рахман есімді мұсылман қызы лейбористер партиясының атынан өз үміткерлігін ұсынды. Анджум Рахман: «Мен үшін мемлекеттік қызмет – өзімнің қолға алған қоғамдық жұмыстарым мен сенімімнің баспалдағы», – дейді өзінің бұл қадамын.

Анджум жақында ғана лейбористер партиясының конференциясында халық алдына шығып, өзінің жобасымен таныстырды. Жоба халық алдында өтімді болған сияқты. Осылайша, ол 20 - қыркүйек күні өтетін жалпыхалықтық сайлау үміткерлерінің отыздығына енді.

islam-today.ru

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру