Түрік елінің басшысы Реджеп Тайып Ердоған қасиетті жұма күні үш жылға созылған қайта жөндеу жұмыстарынан кейінгі Стамбулдағы Биік Меджидие мешітінің ашылуын рәсімін өткізді. Босфор бұғазының еуропалық бөлігінде орналасқан бұл әсем мешіттің тағы атауы – «Босфор інжуі».
Қасиетті жұма намазы алдында мешіттің қайта ашылуы салтанатында сөз сөйлеген ел басшысы құрылыс жұмыстарына жетекшілік еткен армян сәулетшілеріне алғысын білдірді.
Іргетасы сонау 1856 жылы қаланған Биік Меджидие мешіті күні бүгінге дейін көптеген жер сілкіністері мен өрт қаупін басынан кешіріп, бірнеше мәрте жөндеу жұмыстарына жабылған болатын. Мәліметтерге сүйенсек, соңғы жөндеу жұмыстары Kuwait Turk банкінің демеушілігімен жүзеге асқан. Құрылыс жұмыстарына 50 жұмысшы қамтылып, 7 миллион лир қаржы жұмасалған көрінеді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
14.06.2014
4098
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру