Үстіміздегі маусым айында Британияда British Muslim TV телеарнасы ашылып, өз жұмысын бастамақ. Елдегі басқа діни арналар мен бағдарламалардан айырмашылығы – көк жәшіктен көрсетілетін өнімдердің кейіпкерлері тек өз отандастары болмақ. Телеарнаның алға мақсаты да осы – әрбір көрермен өзін «сенімді мұсылман және британдық сезінуі тиіс». Аталмыш арнаны қаржыландырып отырған демеушілер де тек қана британдықтар.
Арнаның маркетинг бойынша директоры Васим Ахтардың айтуынша, British Muslim TV тұжырымдамасы былтырғы жылдың соңында жоспарланса да, аз уақытта жоспардың жүзеге асуына себепкер болған кәсіпкерлер де тез табылған.
Британияда мұсылман жамағатына арналған телеарналар 2004 жылдан бері пайда бола бастаған. Қазіргі таңда олардың саны алтыға жеткен.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
13.06.2014
4078
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру