Балқан түбегіндегі Косово мемлекетінің тарихында тұңғыш рет ұлттық парламентке шариғат шәлісін жамылған мұсылман әйелі сайланды. Осылайша өткен жексенбідегі сайлауда Лабинот Деми-Мүртези есімді мұсылман әйелі 6000 дауыс жинап, мәртебелі мінберден сөйлеу құқығына ие болды. Осы сайлаудың алдында ел премьері Хашим Тачи мектеп қабырғасында шариғат шәлісіне қатысты тыйымның күшін жояға уәде берген болатын. Тағы бір айта кетерлігі, үстіміздегі жылдың мамыр айында Фаила Бишич мұсылман әйелі (Словения тұрғыны) мен Анна Стамоу есімді мұсылман әйелі (Грекия тумасы) Еуропарламентке өз кандидатураларын ұсынған еді. Алайда, олар жеткілікті дауыс жинай алмаған болатын.
islam.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
13.06.2014
3866
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру