Оқиға былай өрбіген. Малайзияда тұратын Тео Ченг Ченг деген 38 жасар этникалық қытай қызы ислам дінін қабылдағанын жақындарынан 20 жыл бойына жасырып келген. Және ол бұл құпияны көрге бірге ала кетпек болған. Бірақ Ислам діни департаменті қызметкерлерінің араласуымен бұл шындықтың беті ашылыпты. Олар дао дәстүрі бойынша қыздың денесін өртемек болған кезде, "Тео мұсылмандықты қабылдап, Нура Тео Абдулла деген ат алды" деп мәлімдеген мұсылман жамағатының өкілі екі сағаттық дау-дамайдан кейін қыздың ағайындарының рұқсатын алады. Осылайша исламға ерікті түрде келген қытай қызына мұсылманша жаназа бұйырған.
е-islam.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
12.06.2014
4768
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру