Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мұсылмандар туризм индустриясын дамытуды көздейді

12.06.2014 3772 0 пікір

Малайзияның туризмді дамыту жөніндегі кеңестің бас директоры Датук Мырза Мұхаммед Тайаптың айтуынша, жылдан жылға қанатын кеңге жайып келе жатқан ислам туризмін одан ары өркендету үшін тек Малайзияда ғана емес, сонымен қатар, әлем бойынша осынау сегменттің дамуына ықпал етіп, жағдай жасау керек.

«2000 жылы Малайзияға шамамен 1,37 млн мұсылман мейман болып келген. Алайда, 2010 жылы олардың қатары 4,7 млн адамға дейін артқан. Ал 2013 жылы 5,2 млн адамға жеткен көрінеді. Бұл көрсеткіш Малайзияға ат басын тірейтін туристердің жалпы санына шаққанда 20,33 пайызды құрайды», - деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, мұсылман туристерінің дені Таяу Шығыстан, Индонезиядан, Сингапурден, Пәкістаннан және Түркиядан келген.

islam.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру