Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Өз мәзһабыңды танып біл» атты акция өтті

09.06.2014 3833 0 пікір

Ресей елінің еуропалық бөлігіндегі мұсылмандар діни басқармасы мен «Надежда» атты Чебоксар мұсылмандары ұйымының бірлесе ұйымдастыруымен «Өз мәзһабыңды танып біл!» атты қайырымдылық акциясы өтті.

Қасиетті жұма күні қарсаңында аталмыш акция аясында мұсылмандар ұйымының мүшелері өздерінің діндес бауырларына «Ханафи мәзһабы. Фиқһ ғылымы 1-2 том», «Шариғат іліміне кіріспе», «Зекет» және тағы да басқа діни кітаптар таратты.

«Ханафи мәзһабы бүгінде өзінің жергілікті ұлт пен ұлыстардың ұстанымына жұмсақтық танытатын діни-құқықтық мектебімен мәшһүр», – дейді «Надежда» ұйымының басшысы Рашид Галеев.

Сұхбат жүргізген агенттік өкілінің сөзімен айтсақ, «бұрындары жайнамазға жығылып, намаз оқитындардың саусақпен санарлық еді, ал бүгінде Чувашиядағы орталық мешіттің өзі намазға келгендерді толығымен сыйдыра алмайды».

muslim.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру