Көрші Ресей елінің астанасы Мәскеу қаласында «Moscow Halal Expo 2014» Халықаралық V халал көрмесі өткені белгілі. Оған ҚМДБ атынан арнайы қатысқан Астана қаласының Бас имамы Наурызбай қажы Өтпенов 6-маусым күні ҚР Ресейдегі Елшілігінде «Moscow Halal Expo 2014» шарасына келген ТМД елдерінің мүфтилеріне дастархан жайып, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының атынан ас берді.
Оған Ресейдің наиб мүфтиі Раушан хазрат Аббясов, Польша мүфтиі Томаш Мицкевич, Солтүстік Осетия Алания республикасы мүфтиі Қажымұрат Гацалов, Белоруссия мүфтиі Абубекир Шабанов, Литваның мүфтиі Ромас Якубайскас, Эстония мүфтиі Эльдар Мухамедшин арнайы келді.
Кездесу барысында ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі, «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстандағы діни ахуал және діни басқарма тарапынан атқарылып жатқан сан қырлы игі жұмыстармен таныстыра келе, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен биылғы 2014 жыл «Дін мен Дәстүр» жылы болғанын ерекше атады. Сондай-ақ, Бас мүфтидің ыстық сәлемін жеткізді.
Дархандық ниетпен жайылған дастархан үстінде әр елдің дін өкілдері елімізге деген ақ бататаларын беріп, онан әрі кемелдене беруіне өзіндік тілектерін білдірді. Сөз арасында мүфтилер экономикасы қарыштап, рухани кемелденіп жатқан қазақ еліне арнайы келуге де ниеттері бар екенін де жасырмады.
Мұсылманшылықтың нышаны бауырластық, достық, кеңпейіл әрі қонақжайлылық екені сөзсіз. Міне, осының барлығы Мәскеу төрінде еліміздің Бас мүфтиі атынан жайылған дастарханда көрініс тапты.
«Нұр Астана» орталық
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
07.06.2014
4166
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру