Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Исламдық киім үлгілері форумы басталды

07.06.2014 4215 0 пікір

Бүгін Moscow Halal Expo 2014 атты ауқымды көрме аясында бүгін Бірінші Халықаралық исламдық киім үлгілері форумы басталды. Екі күнге жалғасатын бұл шараны Ресей мүфтилер кеңесінің экономикалық департаментінің қолдауымен көрме басшылығы мен АПРИМ бизнес коммуникациялық агенттігі ұйымдастырып отыр.

Форум жұмыстарының ұйымдастырылуының басты себебі де шариғат шарттарына толығымен сәйкес келетін киім үлгілері мен сәндік әшекейлер, косметикалық және парфюмериялық бұйымдар өнеркәсібін дамытуға, кәсіби мамандар деңгейін көтеруге арналған. Шара аясында сауда-саттық саласының сарабдал кәсіпкерлері мен маркетологтар, өндіруші тараптар мен жұмысшылар табы бас қосып, айтылған жоспарлар жөнінде жаңа бағыттар түзілмек.

Форумның ақырғы күні V Халықаралық Исламдық стиль атты фестивальдің сәндік киім үлгілері көпшілік назарына ұсынылады.

muslim.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру