Маусым айының 3-жұлдызы күні Кипр аралындағы көне мешітте араға жарты ғасыр уақыт салып, өз есігін келушілерге айқара ашты.
Тахтакале мешітіндегі алғашқы құлшылық сонау 1963 жылы орындалған болатын. Жамағатқа ол күні Түрік республикасының Солтүстік Кипр мұсылмандарының мүйтиі Талиб Аталай имамдық еткен еді.
Мешіттің қайта ашылуы Швеция елшілігімен болған келіссөздер арқасында жүзеге асты. Швед елшілерінің мүдделік танытуымен архиепископ Хризостомас ІІ мұсылман дінбасыларын аралдың гректерге тиесілі бөлігіне шақырған. Осылайша, Тахтакале мешітінде араға 51 жыл өткесін ғана, жамағат болып намаз оқылды.
muslim.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
06.06.2014
3887
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру