Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АҚШ-тың «ең сауатты жас» атағын екі мұсылман баласы иеленді

03.06.2014 3989 0 пікір

Америка Құрама Штаттарында жыл сайын жасөспірімдердің білгірлігі мен білімін сарапқа салатын Spelling Bee сайысының жеңімпазы болып екі мұсылман баласы танылды. Мэриленд штатында өткен сауаттылық сайысында жасөспірімдер қиын дыбысталатын сөздерді қатесіз айтып жарысады.

Биылғы жылы 82-рет ұйымдастырылып отырған сайыс тарихында осымен екінші рет әділқазылар алқасына жеңімпазды анықтау тым қиынға соқты. Ақылдаса келе олар ақыры жеңіске шыққан тегі үндістандық екі жасөспірімді лайық деп табады. айта кетейік, бұндай оқиға осыдан 52 жыл бұрын болған көрінеді.

Сонымен, соңғы мәреде сауаттылығымен көзге түскен 13 жасар Ансун Суджо мен 14 жасар Шрирам Хатвар өзара сайысқа түсті. Сайыс шарты бойынша, жас өрендер қиын деп танылған 25 сөзді ежелеп, әріп бойынша айтып шығуы тиіс. Әр қатысушының тек бірақ рет қателесуге мүмкіндігі бар.

Сайыс қорытындысы бойынша, екі жасөспірім де өз сауаттылықтарын дәлелдеп, 33 мың доллар сыйақыға ие болды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру