Үстіміздегі жылдың 14-19 мамыр аралығында Татарстан Республикасының Жастар ісі және спорт министірлігі, Мұсылмандар діни басқармасы, «Идель» жастар орталығының бірлесе ұйымдастыруымен кең көлемде мұсылман жастар аралық «Мақсат» атты фестивалі өтті. Оған ТМД елдерінен 100-ге жуық жастар қатысты. Атап айтқанда Қазақстан, Белорусия, Украина, Қырғыстан, Крым, Мордовия Республикасы және Ресейдің түкпір-түкпірінен, Татарстанның аймақтарынан делегаттар қатысты. Жастарды Қазан қаласынан 30 шақырым жердегі жастарға арнайы салынған «Волга» жастар орталығының ғимаратына орналастырды.
Аталмыш фестивалға ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасы бойынша Діни басқармада ашылған жастар ісі бөлімінен Жалпы және жастар ісі бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы және жастар ісі бөлімінің маманы Сейдулла Исмаилов барып, екі жақты тәжірибемен бөлісіп қайтты. Жалпы мұсылман жастар арасындағы фестивалдің мақсаты бауырмашылықты, бірлікті, ынтымақты арттыру болып табылады. Сондай-ақ, фестивалдің салтанатты ашылу рәсімі Қазан қаласындағы «Кул Шариф» орталық мешітінде өткізілді. Ашылу рәсіміне Татарстан Республикасының жастар ісі және спорт министрі Бурганов Рафис Тимерханович депутаттармен бірге келіп жастарға жалынды сөздер сөйлеп, жүрек жарды тілектерін білдірді. Татарстан мүфтиі Камиль хазрат Самигуллинда ашылуына қатысып тек бірлік болса ғана алмайтын қамал, аспайтын тау болмайтынын жеткізді. Себебі, қандайда бір елдің болашағы сол елдің жастарына тығыз байланысты екені де тілге тиек етілді. Фестивал барысында жастарға арналған жан-жақты іс-шаралар өтті. Атап айтқанда діни фильмдер, сұхбаттар, пікір алмасулар, әртүрлі ойындардың өтуінің барлығы бірлікті, достықты, мейірімділікті арттыра түсті.
5 күндік фестивал барысында қатысушы жастарға Татарстан Республикасындағы тарихи мекендерді, ислами орталықтарды, мешіттер мен музейлерді аралатып, ел тарихымен танысу саяхаты ұйымдастырылды.
Алтынбек ҰТЫСХАН
ҚМДБ-ның «Жалпы және жастар ісі»
бөлімінің меңгерушісі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
21.05.2014
4143
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру