Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Сомали мұсылмандары аштықтан қырылып жатыр

21.05.2014 4008 0 пікір

Сомали халқы азық-түліктің жетіспеушілігінен тойып тамақ ішпейді. Бұл жайында Біріккен Ұлттар Ұйымының гуманитарлық мәселелерді үйлестірумен айналысатын Филипп Лаззарини мәлімдеді.

Оның айтуынша, аштық жайлаған Сомалиде түрлі індет тараған, қауіпсіздік мәселесі де ақсап тұр.

«Сомали – тоя тамақ ішпейтін балалар саны көп әлемдегі бес елдің бірі. Әр отбасындағы бес жасқа дейінгі бір бала тоя тамақ ішпей ұдайы ашқұрсақ жүреді. Бұл ел ана өлімі жағынан Чадтан кейінгі орында тұр»,- деді БҰҰ өкілі.

2010-2012 жылғы аштықтан бұл елде шамамен 260 мың адам опат болған. Өкініштісі, олардың жартысы – бес жасқа толмаған балғындар.

 

islam.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру