Сауд Арабиясында шаңырақ көтерігісі келетін жастар ендігі жерде неке қидырар алдында «үйлену оңай, үй болу қиын» екенін еске салатын арнайы дәрістен өтетін болады.
Сауд Арабиясының әділет министрлігінің жанындағы неке қидыру мәселелерімен айналысатын үйлестіруші Фуад Жұғайман мәлімдегендей, алдағы уақытта үйленгісі келетін жастарға отбасын құрудың қыр-сырына үйрететін мыңдаған нұсқаушы жіберіледі. Сондай-ақ, ол Малайзиядағы тәжірибені ескергендерін жеткізді. Малайзияда аталмыш бағдарлама жүзеге асырылғаннан бері ажырасушылардың саны 32 пайыздан 7 пайызға дейін төмендеген көрінеді.
Жастарға жөн көрсетіп, жол сілтейтін бағдарлама ары кеткенде екі жылдың ішінде жүзеге асырыла бастайды.
islam.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
20.05.2014
4030
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру