Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

10 қари дайындаған адамға 1 млн рубл

15.05.2014 4374 0 пікір

Шешен мемлекетінің басшысы Рамазан Қадіров 10 хафизді (қари) дайындаған адамға 1 млн рублді сыйлық ретінде беруді уәде етті. Бұл жайында, Шешен мемлекетінің бірінші басшысы Ахмат ата Хаджиды еске алу кешіне арналған Құран жарысында муфтидің бірінші орынбасары Магамед Хийтанаев хабардар етті.

Магамед Хийтананев: «Рамазан Қадіровтің Шешен мемлекетінде Құранға ықыласы бар адамдардың көп болғандығына қатты мән беретіндігін айтып жеткізді. Және Құранды толық жаттаған адам ата-анасына, жақын туысқандарына шапағатшы болады. Құранды толық жаттау жеткілікті емес, оны оқып өзгелерге жеткізу керек», – деп атап өтті.

Айта кететін жағдай, Шешен халқының бірінші басшысы Ахмат ата Хаджиды еске алу кешіне арналған Құран жарысында Мансұр Асуханов үшінші орын, Зубайыр Оздиев екінші орын, ал Абдулла Магамедов бірінші орын алғандығы үшін марапаттау қағазымен және қомақты қаржылай сыйлықпен марапатталды.

islam.ru

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру