Француздардың бұрынғы аяқ доп шебері, қазіргі уақытта Алжирдің «Laghouat» командасын жаттықтырып жүрген Франсуа Браччи соңғы жұма намазында ислам дінін қабылдағанын жария етті. Ол қалың жамағаттың көзінше тілін кәлимаға келтіріп, шаһадат айтып, асыл дінімізге өткенін осылай білдірді. Франсуа Браччи кезінде «Олимпк Марсель» және «Страсбург» секілді азулы командаларды, сондай-ақ, Марокконың, Тунистің футбол командаларын да жаттықтырған болатын. 63 жастағы жаттықтырушы мұсылман елдерінің командаларын жаттықтырып жүрген кезінде асыл дініміздің қыр-сырымен танысып, оның қадыр-қасиетіне тәнті болғанын жеткізді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
05.05.2014
3910
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру