Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Стамбул мен Мәдина 12 сағаттық шойын жолы

23.04.2014 4678 0 пікір

Осман империясының сұлтаны және тоқсан тоғызыншы халиф Абдул Хамид ІІ-нің бастаған Стамбул мен Мәдинаның арасын жалғайтын «Хиджаздық шойын жол» жобасы қайта қолға алынды. Аталмыш темір жол желісі Сирия, Иордания елдерінің үстін басып өтіп араб жазирасындағы қасиетті мекендерге барып тіреледі – деп хабарлайды Yeniakit.

Тарих сахнасында елеусіз қалған бұл алып жоба Түркияның бүгінгі билік партиясының қолдауымен іске аспақ. Стамбул мен Мәдинаның арасын небәрі 12 сағаттың ішінде жалғайтын шойын жол құрылысы 2023 жылы аяқталатын болады деп жоспарлануда.

Жобаның жүзеге асырылуына Иордания елі де атсалыспақшы, ал оларға қажетті техникалар мен құрал-жабдықтарды Түркия қамтамасыз етеді. Бір қызығы Иорданияның астанасы Амманеда сонау Осман империясының темір жол вокзалы күні бүгінге дейін сақталынған екен.

muftyat.kz

Ақпарат islamnews.ru сайтынан аударылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру