Сайтымыздың оқырмандарына аты кеңінен таныс Арнольд Ван Дорнның артынан ерген жалғыз ұлы Алла жолына түсіп, мұсылмандықты қабылдады.
Алладан басқа тәңір жоқтығына иман келтіріп, Мұхаммедтің оның елшісі екеніне куәлік еткен Искандердің имандылық жолына түсіп, Алланы тануына ең алдымен әкесінің мінез-құлқындағы өзгеріс себеп болыпты. «Әкемнің мұсылман болысымен, мінез-құлқының өзгеріп, кішіпейіл де қарапайым бола бастауы мені шынымен таңғалдырды. Бұл Ислам жемісі екеніне шүбәсіз иландым», – дейді Искандердің өзінің Исламға келуін түсіндіріп.
Сонау 2008 жылы Пайғамбарлар падишасы (с.ғ.с.) жайлы атышулы «Фитна» фильмін түсіріп, мұсылмандардың наразылығына тап болған Ван Дорн Алла Елшісі (с.ғ.с.) жайлы ақпарат жинап, ақыр аяғында Алланың ақ жолына түскен болатын. Мұсылман қауымының наласына қалған сол бір соқпақсыз шақтарынан күнәсін жуып-шаюға жан сала кіріскен режиссер Еуропадағы Ислам партиясын құратындығын да мәлімдеген болатын. Сондай-ақ, ол жақында түсіру жұмыстары басталып кеткен «Мұхаммед – адамзат ұстазы» фильміне де көмегін көрсетпек.
muslim.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
22.04.2014
3937
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру