Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жасөспірімдерге интернет-кафелерге кіруге рұқсат жоқ

21.04.2014 3955 0 пікір

Біріккен Араб Әмірліктерінде кәмелетке толмағандарға интернет-кафеде отыруға тыйым салынатын болды. 2009 жылдан бері көтеріліп келе жатқан аталмыш мәселе осы аптада өткен  Әбу-Даби полициясы департаментінің форумында тағы сөз болды.

Нақтырақ айтқанда, бұл тыйым кәмелетке толмағандарға сабақ уақытында және ел орынға отырған кезде ғаламтор мекемелеріне кіруге қатысты қолданылады.

Ғаламторды жөнімен пайдалану үшін интернет-кафелерге қатысты ережені енгізу жағы да қарастырылып жатыр. Бұл өз кезегінде ақыл тоқтатпаған жасөспірімді түрлі теріс тәрбиеден сақтандыратын болады. 

muslim.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру