Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Үміткерлер мешіт үшін тартысып қалды

21.04.2014 3857 0 пікір

Гректер астанасының әкімдігіне үміткерлер арасында Афина қаласында мешіт тұрғызудың қажеті бар, жоқ па деген тақырыпта қызыл кеңірдек болып айтысып қалды.

Оппозициялық СИРИЦА партиясы атынан қала әкімдігіне үміткер Гавриил Сакелларидис Жаңа демократия партиясынан осынау саяси додада бағын сынап жүрген қарсыласы әрі бәсекелесі Ариса Спилиотопулосты мигранттарға қарсы көзқарасымен елдің қолдауына ие болуды көздеген ниетін айыптады.

Грекияның бұрынғы білім беру және туризм министрі Ариса Спилиотопулос ел астанасында мұсылмандардың құлшылық үйін тұрғызу мәселесін халықтың талқысына салып, референдум арқылы шешуді ұсынып отыр. Бұрын өздеріңізге хабарлағанымыздай, Афина – кәрі құрылықтағы астанасында бірде-бір мешіті жоқ жалғыз ел.

Ариса Спилиотопулос теледидардан сөйлеген сөзінде мешіт құрылысын жүргізуге қарсы екенін ашық мәлімдесе, оның қарсыласы әрі бәсекелесі бұл мәселенің баяғыда шешіліп қойылғанын, мешіттің Афина қаласындағы Вотаникос ауданында орын тепкен пайдаланылмай жатқан әскери базаның аумағында бой көтеретінін тілге тиек етті. Оның ойынша, мешіт салынатын болса, елде заңсыз мигранттардың қатары азаяды.

muslim.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру