Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бернлидегі 100 мың фунттық мұнара

15.04.2014 4342 0 пікір

Ұлыбританияның Бернли қаласы шаһар орталығында орналасқан мешітке құны 100 000 фунт стерлингті құрайтын зәулім мұнара орнатылған соң ерекше әдеміленіп өзгеріп кетті, - деп хабарлайды islam-today.

Аталған мешіт құрылысы басталғаннан кейін 10 жылдан соң ғана қойылып отырған мұнара 1 тонна салмақты құрайды. Оны арнайы үлкен көтергіш кранның жәрдемімен орналастырды. Жалпы құрылысына 2 млн фунт жұмсалған Бернли ислам мәдениет орталығы, әрі Шах Джалал мешітіндегі бұл айтулы шараға имамдар мен ақсақалдар жиналды.

Енді келесі жылға дейін аяқталады деп жоспарланып отырған мешіттің ішкі құрылысына тағы да 500 000 фунт стерлинг жұмсалады деп күтілуде.

muftyat.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру