Дүйсенбі күні Айова штатындағы үкімет үйі ғимаратында Мұсылмандар күні аталып өтілді. Ислам дінін ұстанушы мұсылмандар өздерінің ұлттық тағамдарымен, сусындарымен бір-бірімен бөлісіп, ақиқат асыл дініміз туралы ой бөлісті.
Аталған штаттың губернаторы Терри Бранстад «Айовада мұсылмандар күнін атап өту» туралы декларацияға қол қойды. Бұл шешім бастама ретінде 1992 жылы Терри алғаш рет губернатор тағына отырған кезде басталған болатын.
Декларацияға қол қою рәсіміне 50-ге жуық мұсылман қатысып, шын көңілдерімен ризашылықтарын жеткізді. Үкімет үйінің ғимаратына жиналған мұсылмандар Айованың жергілікті тұрғындары және Босния, Сомали, Судан, Ирак және тағы да басқа елдерден келіп қоныстанғандар.
muftyat.kz
Материал islam-today.ru сайтынан аударылды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
08.04.2014
3896
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру