Ливандық саясаткер және бұрынғы премьер-министр Фуад Синиора өзінің Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа жазған хатында біздің Қазақстан еліміз өзге мұсылман мемлекеттеріне керемет үлгі екендігін тілге тиек еткен, - деп жазады Tengrinews.
«Мустакбал» («Болашақ») партиясының көшбасшысы өзінің сөзінде Қазақстан Республикасы президентінің 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы мен аталған жобадағы дамыған 30 елдің қатарына қосылу туралы басты мақсатты қолдайтындығын жеткізді. Сондай-ақ, әрбір жылғы жаңа Жолдауда Елбасы сөзінен жаңашылдықты байқайтынын да тілге тиек етті.
Синиораның пікірінше бұл стратегияда көтерілген салалар мен мәселелердің маңыздылығы басым және сол аталған салаларды араб елдері мен өзге де мұсылман елдерінде дамыту қажет.
Ливандық саясаткер Қазақстанның даму барысындағы құлшынысы басқа ислам әлеміне зор әсерін тигізетін әрекет екендігін сеніммен жеткізді. Және сөзінің соңында Синиора Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлына барлық жоспарларды жүзеге асыруда қуатты болыңыз, - деп тілегін жеткізді.
muftyat.kz
Материал Islam-today.ru сайтынан аударылды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
04.04.2014
4178
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру